fond_nauka_aktobe
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМНЫҢ
ДАМУЫН ҚОЛДАУ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
ОБЩЕСТВЕННЫЙ ФОНД «ФОНД ПОДДЕРЖКИ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА И НАУКИ»
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры cайтына қош келдіңіздер!
«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры 2017 оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласында педагогикалық білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі ғылымның дамуына қолдау көрсету мақсатында үздіксіз жұмыс атқарып келеді.

Қоғамдық қордың негізгі мақсаты: жетім балалар мен тұрмыс жағдайы нашар оқушыларға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созып, дарынды һәм талантты балаларды жарыққа шығарып, оларға жан-жақты қолдау көрсету, отандық мәдениет, өнер, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, адамгершілік және этикалық қағидалар мен мәдени құндылықтарды насихаттау.

Қоғамдық қор 2017−2021 оқу жылдарында өз жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларға, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге, студенттерге, оқытушыларға, мұғалімдерге және тәрбиешілерге арналған халықаралық, республикалық деңгейде ашық түрде және қашықтықтан байқаулар өткізді. Сонымен қатар қоғамдық қордың жоспарына сәйкес балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар іс-шараларға тегін қатыстырылады. Әр ауқымды іс — шара қорытындысында қоғамдық қор қамқорлық қолын ұсынып, қайырылымдылық жасап отыр.

Қоғамдық қор 2017 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік әдістемелік орталығы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығыменАқтөбе қаласының білім бөлімімен, Ақтөбе облыстық жастар ресурс орталығымен, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің үздіксіз білім беру институтымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», сондай-ақ Орынбор қаласындағы «СОЦИОС» әлеуметтік институтының қосымша кәсіби білім берудің коммерциялық емес ұйымыменқазіргі таңда бірлесіп жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар Халықаралық деңгейде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында өткізілетін конференциялар аясында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының аға оқытушыларымен, Ақтөбе облыстық ғылыми — әдістемелік орталығының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын логопед, дефектолог, психолог және т.б мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында бірлесіп жұмыс жасаудамыз.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 20 желтоқсанында «Халықаралық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Біз, Сіздерді Қоғамдық қордың сайтында көретінімізге қуаныштымыз! Бұл сайтта алдағы уақытта оқытушыларға, ұстаздар мен тәрбиешілерге және оқушылар мен студенттерге арналған байқаулар, конференция мен олимпиадалар туралы мәліметтерді біле аласыздар.Сонымен қатар, Сіз Қоғамдық қор сайтында өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қойып және жаңалықтарын біле аласыздар.

Біз әрқашан Сіздермен бірлесіп қызмет етуге дайынбыз және Сіздерден Қоғамдық қор сайтының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз.

Біздің мақсат- педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету.
Наша цель — способствовать профессиональному развитию педагогов.
Банк реквизиттері/ Реквизиты банка:
ОФ «Фонд поддержки развития Международного педагогического творчества и науки»
БИН: 170840021548
ИИК: KZ06998МТВ0000802652(KZT)
КБЕ: 18
БИК: TSESKZKA
Кнп: 861
Валюта ____ тенге
Банк: ФИЛИАЛ АО «First Heartland Jusan Bank» в г. Актобе
Байланыс жолдары/ Способы общения
Сборники материалов конференций
Байланыс телефондары/Телефоны для справок
8 (7132)92-48-87
8 747 634 08 87
8 705 380 69 87
Біздің әлеуметтік серіктестеріміз/ Наши социальные партнеры