• Ән жинақ
    Жандос Әл-Тарази
Жандос Лесбек ✅ ӨМІРБАЯН
1997жылы 1сәуірде туылған .
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейхан ауылында.
Қазір САЗГЕР, ЖАС ӘНШІ
«ЖАНЫМ АНА» , «ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЗ», «БІЛІП ҚОЙМАСЫН» әндерінің авторы.
Қызыметі: Мәдени ұйымдастырушы

Өнердегі өзімді емес,
Өзімдегі өнерді сүй — дей келе Алла берген сазгерлік әр бір қабылетті пайдалана отырып және Абай атамыз айтқандай сөздер өз ережесіне сай:

*Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.*

🫧Әрбір әндер құрамы🫧

Құрамында бар:🤍 Табиғат, отбасы, иман, махаббат, отан, еңбек, жер, су, қала, ауыл, позитивті фантазия.

Құрамында жоқ:🚫
Боғауыздық, +18, суицид, харам сөздер.

🌍🎵🎼Жаным ана🫶👩🏻‍🍼
1.
Ақ сүт беріп бала кезінден аялаған
Төрт бөлсе де түн ұйқысын аямаған
Бұл өмірде бала жақын аналарға
Тек керегі баға жетпес анам маған.
Қ/сы.
Жүрегім дүрсілдей бер ән жағыма
Әнімді арнаймын мен жан анама
Аман боп немере сүй сен қартайма
Жассың ғой мен үшін жүз ассаңда
Бұл өмір бітпесін сен жүргелі
Сен күлсең көктен нұр төгіледі
Әрқашан бала берші бізге пана
Әнімнің арнасы сен жаным ана.

2.
Есейсекте бізді әлі бала көрген
Сені мама басқалардан дара көрем

(1-нұсқа)
(Қуанып жүр бауырларым- Ал ертең!
Сен жұмсайтын адал келін алып келем.)
[2-нұсқа]
[Айналайын жан шуағым анашым ау
Күлген жүзің жер бетіне нұрын төккен.]

Қ/сы.
Жүрегім дүрсілдей бер ән жағыма
Әнімді арнаймын мен жан анама
Аман боп немере сүй сен қартайма
Жассың ғой мен үшін жүз ассаңда
Бұл өмір бітпесін сен жүргелі
Сен күлсең көктен нұр төгіледі
Әрқашан бала берші бізге пана
Әнімнің арнасы сен жаным ана.

3.
(1-нұсқа)
(Таласып қалып балаңызға әкемменен
Күліп ойнап жасардыңдар немереңмен.)

[2-нұсқа]
[Бүгін мейрам тойлаңызшы әкемменен
Күліп ойнап жасардыңдар немереңмен.]

Бар қуаныш келбетіңде мерекеңмен
Ей адамзат өмір ғажап анаменен.
Қ/сы.
Жүрегім дүрсілдей бер ән жағыма
Әнімді арнаймын мен жан анама
Аман боп немере сүй сен қартайма
Жассың ғой мен үшін жүз ассаңда
Бұл өмір бітпесін сен жүргелі
Сен күлсең көктен нұр төгіледі
Әрқашан бала берші бізге пана
Әнімнің арнасы сен жаным ана.


Әні, сөзі: Жандос Лесбек (6-наурыз 2016)
Аранжировка: Сүлеймен Оңалбаев [2018]
  • Авторлық құқық қорғалған.
    2015−2023ж