mebeling.kzo
mebeling.kzo
Бағасы қымбат шығар иә?🤔
Жиһаздың арзан, қымбат болуы — қолданылған материалы мен фурнитурасына тікелей байланысты. Одан кейін, әрине, жұмысымыз үшін қосылады.

Сол себепті, қымбат фасадқа қымбат механизм қойдыруға клиенттердің шамасы келмеуі мүмкін. Кейде, арзан фасадқа сапалы механизм қойдырған тиімді болып жатады

Бәрі де сіздердің қалауларыңызға байланысты.

Сондықтан бағасын сұрағанда, бірден айту бізге қиындау.
Ең жақсы материал қандай? 🤔
Қарапайым ЛДСП-дан да әдемі жиһаз жасауға болады. Түсін, стилін дұрыс таңдай алсаңыз болғаны.

Сол себепті, «қандай материал жақсы?» деген сұрағыңызға беретін жауабымыз: барлық материал жақсы!
Неше күнде жасайсыздар? 🤔
Кім де болса тапсырыс берген соң, мебелінің тезірек біткенін қалайды ғой.

Жалпы, біздегі жиһаз жасау ұзақтығы мебельдің түріне қарай 7 күннен 1 айға дейін созылады.

🥇Ең тез жасалатыны — қарапайым ЛДСП-дан жасалған кез-келген жиһаз.

🥈Ең ұзағы — боялған (крашенный) фасадты жиһаздар. Клиенттің қалаған үлгісіндегі фасады шамамен 25 күнде дайын болады. Содан кейін, құрастыру, жеткізу, орнату жұмыстарын қосқанда 1 ай уақыт кетеді.

🥉Сонымен: ЛДСП, акрил 7−14 күн, МДФ пленка 14−20 күн, крашеннный 1 айда жасалады.
Сапалы, әсем MEBELING компаниясы сіздерге өз қызметін ұсынады. 😊
10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар жиһаз шеберлері. 5 жыл уақыт аралығында 600 ден астам тапсырыс берген тұтынушылардың ризашылығына ие болды.

Сіз қалаған жиһаз түрін талғамыңыз бен мүмкіншілігізге қарай жасап береміз 😊🤗

Дәл қазір тапсырыс беріп тиімді жеңілдікке ие болыңыз.
📲Тел. 8708 261 8596